Абайдың "Қара сөздерінен" үзінділер оқылып, оқушылармен бірге мазмұны талқыланды.
07.12.2023ІІ оқу тоқсанының желтоқсан айында 7-8 сынып оқушыларымен бірге мектеп-интернат кітапханасында Абайдың "Қара сөздерінен" үзінділер оқылып, оқушылармен бірге мазмұны талқыланды.
Ал оқушылардың уақытты тиімді пайдаланып, кітап оқуға көңіл бөлу үшін арналған электронды кітапханада Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" дастанының І тарауы дауыстап оқылды.
Ақын-жазушылардың шығармалары мен өлең жолдарын оқи отырып, оқушының ойлау қабілеті мен оны жеткізе білу шеберлігі арта түседі.
Осыған сәйкес жоспарға сай немесе жоспардан тыс кітап оқудың әр түрлі жолдары бойынша іс-шаралар оқушылардың игілігіне жасалып отырады... 📚
#біртұтастәрбиеАқтөбе
Community discussions
Школьные уроки
0
209
Как вы считаете, нужно ли убрать домашние задания из школьной программы?