«Жаратылыстану пәндерін интеграциялаудағы әдіс-тәсілдер» атты облыстық шеберханасының 3-отырысы

03.04.2023

Ағымдағы жылдың 31-наурыз күні «Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернатында» осы мектептің физика және математика пәндерінің мұғалімі Гульфира Абдикаримовна Абдраимованың «Жаратылыстану пәндерін интеграциялаудағы әдіс-тәсілдер» атты облыстық шеберханасының 3-отырысы өтті. Шеберхана мақсаты:

1.ұстаздарға заман талабына сай сабақты түрлендіріп өткізу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер үйрету;

2.өзара тәжірибе алмасу.

Бекітілген бағдарлама бойынша ұстаздар Г.А.Абдраимованың 7-сыныптағы «Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергиялар» атты ашық сабағына қатысты. Сонымен бірге, Ойыл ауданы, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының биология пəні мұғалімі Бақыт Даулеткалиевна Тоғжанова «Оқытудың интерактивті əдістері, Learning Apps-пен тапсырмалар құрастырудың мүмкіндіктері», Шалқар ауданы,№ 8 ЖББОМ биология пəні мұғалімі Ардақ Шамшатқызы Дүйсмағанбетова «Биология пəнін оқытудағы жаңаша əдіс-тəсілдер» және Ырғыз ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ химия пəні мұғалімі Айнұр Аманғалиева «Химия пəніндегі қызықты тəжірибелер мен əдіс-тəсілдер» шебер сынып сағаттарын көпшілікке ұсынды. Жұмыс барысында ұстаздар арасында құрылған топтар сабақ үдерісіндегі әдіс-тәсілдер туралы баяндап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шеберхана отырысы көңілді атмосферада өтті. Көрсетілген әдіс-тәсілдерді әр педагог өз қоржынына салып, тәжірибесінде іске асыратындығына сенімдіміз.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Как вы считаете, нужно ли убрать домашние задания из школьной программы?

DU
dujsekeev.nursultan
09.04.2018
Reply