Қадірлі ата-аналар, оқушылар!

21.05.2021

Қадірлі ата-аналар, оқушылар!
Шектеу шараларының салдарынан орын алған оқушы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру, пәндер бойынша өткен материалды сапалы меңгерту мақсатында  26 мамыр мен 19 маусым аралығында 1-8 класс оқушылары үшін жазғы мектеп ашылатындығын хабарлаймыз.
Жазғы мектепке оқушылар ата-аналардың өтініші негізінде қабылданады.
Құрметті ата-ана!
Егер сіз балаңыздың оқу бағдарламасын толық меңгергендігін және келесі сыныптағы білім стандарттарын қиындықсыз игеруін қаласаңыз жазғы мектепке ұл-қызыңыздың тіркелуіне себепші болыңыз. Оқу тегін және ешқандай қосымша шығындарды қажет етпейді. Мектеп формасын сақтау талап етілмейді.
Мектепте санитарлық-эпидемиологиялық талаптар (кіре берістегі температураны күнделікті өлшеу, маскалық режим, қолды жиі жуу, ғимаратты, оқу бөлмелерін ылғалды жинау, желдету, кварцтау) толық сақталады, көпшілік шаралар ұйымдастырылмайды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Как вы считаете, нужно ли убрать домашние задания из школьной программы?

DU
dujsekeev.nursultan
09.04.2018
Reply