ХАБАРЛАНДЫРУ!

03.03.2023

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес «Халел Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектебі» КММ 2022-2023 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды. Қабылдау мерзімі: 06.03-18.03.2023 ж. 

«Халел Досмұхамедұлы атындағы № 35 орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы, 11-шағын ауданы, 145 үй  мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Электронды мекен-жайы: email:  akt_sh35@mail.ru , байланыс телефоны: 8(7132) 73-03-29, 73-03-28

 

Қамқоршылық кеңес - заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган. 

Қамқоршылық кеңестің мақсаты:

  • білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
  • білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагог ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
  • білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;  
  • білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;

 

Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары

  • әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;   
  • тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;  
  • халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;
  • білім беру ұйымыжұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

 

Қамқоршылық кеңестің міндеттері:

  • Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
  • Білім беру ұйымына педагог қызметкерлерінің  және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
  • Білім беру мекемесіне педагог және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
  • Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
  • Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (абаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);
  • Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу; 
  • Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.

Өтініш



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Как вы считаете, нужно ли убрать домашние задания из школьной программы?

DU
dujsekeev.nursultan
09.04.2018
Reply